Дүкен иелеріне ТІЖ-ді толтырудың керегі жоқ – МКК

924

Бөлшек саудамен айналысатын салық төлеушілерге тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) толтырып, виртуалды қойманы жүргізудің керегі жоқ. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Жайдар Іңкәрбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Дүкен иелеріне ТІЖ-ді толтырудың керегі жоқ – МКК Фото: inbusiness.kz

Төраға орынбасарының айтуынша, мұндай кәсіппен айналысатындар тек алкоголь өнімдеріне және темекіге арналған ТІЖ-ді растайды. Оған шағын дүкені бар кәсіпкерлер де кіреді. 

"Бөлшек саудамен айналысатын салық төлеушілерге ((оның ішінде "үй жанындағы дүкендерге") тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды (ТІЖ) толтырып, виртуалды қойманы жүргізудің керегі жоқ. Мұндай рәсімді Play Market-тегі электронды шот-фактура (ЭШФ АЖ) мобильді қосымшасы арқылы жүргізуге болады", - деді Жайдар Іңкәрбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол бұл тақырып бойынша бейнесабақтар Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында және YouTube-та ("ҚР ТІЖ енгізу") барын атап өтті.

Сондай-ақ Жайдар Іңкәрбаев тауарларды таңбалау мәселесіне қатысты сұрақ туындаған жағдайда "Markirovka Qoldau" Telegram-чатын пайдалануға болатынын айтты.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу