Дүкен сөрелеріндегі бірнеше өнім арзандай бастады

322

Бір аптада пияз 5,1%-ға, картоп 3%-ға, сәбіз 2,4%-ға төмендеді.  

Дүкен сөрелеріндегі бірнеше өнім арзандай бастады Фото: ucdavis.edu

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бірқатары арзандады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

16 қыркүйектегі жағдай бойынша, есепті аптада пияздың бағасы 5,1%-ға, картоп 3%-ға, сәбіз 2,4%-ға, қырыққабат 2,3%-ға төмендеген.

Сонымен қатар алма 1,1%-ға, қант 0,7%-ға, сүзбе мен тауық еті 0,4%-ға арзандады.

Нан, рожки, сиыр және қой еті, тауықтың бөлшектелген бөліктері, сүт, қаймақ, күнбағыс майы, сары май, тұз және шай бағасы өзгеріссіз қалған.

Өңірлер бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы Жезқазғанда 0,3%-ға, Семейде 0,2%-ға, Талдықорғанда 0,1%-ға төмендеді. Астана, Ақтөбе, Атырау, Көкшетау, Қонаев, Орал, Павлодар, Петропавл және Түркістанда баға алдыңғы апта деңгейінде сақталды.

Қазір республика бойынша пияздың орташа бағасы – 149 теңге, картоп – 211 теңге, сәбіз – 222 теңге. Үш өнімнің де ең төмен бағасы Павлодарда тіркелген: тиісінше 119, 135 және 140 теңге.

Қызанақтың орташа бағасы 620 теңге болды. Ең қолжетімді баға Таразда – 378 теңге, Атырауда – 396 теңге деңгейінде қалыптасты.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларының индексі апта сайын есептеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу