Жыл басынан бері мамандар 1700-ден астам сынама алды. Олардың арасында тамақ өнімдері, балалар мен жасөспірімдерге арналған заттар, ойыншықтар, халық тұтынатын тауарлар бар. Микробиологиялық, физикалық-химиялық көрсеткіштерден сәйкессіздік анықталды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.
"Ресей, Белорусь елінен әкелінген тамақ өнімдерінің 48,8 пайызы, Өзбекстан, Тайланд, Германия, Франция елінен келгендердің 7,8 пайызы талапқа сәйкес келмеді. Ойыншықтардың таңбалануынан қателіктер кеткен. Әрі арасында қауіптісі де анықталды. Көбіне Қытай, Өзбекстан, Түркиядан келетін балалардың өнімдері сапасыз. Мониторинг кезінде анықталған заңсыздықтар бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 1,8 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал 44,36 келі тағам сатылымнан алынып, жойылды", – деді Ақтөбе облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.