Дүкенде тұрған видеоны өшіріп тастапты, кімге сенем – Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзаттың әкесі

1369

Алматы облысы Талғар ауданындағы төбелесте қаза тапқан 16 жастағы Шерзаттың әкесі Бас прокурор Берік Асыловқа үндеу жасап, соттың ашық өтуін сұрады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Дүкенде тұрған видеоны өшіріп тастапты, кімге сенем – Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзаттың әкесі Фото: Stan.kz/Медет Исапанов

"Мен Бас прокурор Берік Ноғайұлына тікелей үндеу айтқым келеді. Талғардағы төбелесте қаза тапқан Шерзат Болаттың әкесімін. Талғар әкімдігі, прокуратурасы мен ішкі істер департаментінің басшысы ешқандай әрекет жасамай отыр. Қылмысты бұрмалап отыр. Менің марқұм болған баламның аты-жөнін де білмейді. Қал-жағдайымызды сұрауға да шамалары жетпей тұр. Түнде бізді тергеуге шақырып, өзімізді қорқытып, арыз жаздыртып отыр. Сізден сұрайтыным: ашық сот болуын талап етемін. Өлетін балам өлді, мені де алсын, мені де қамасын, бірақ әділ шешім үшін ашық сот болсын", – дейді ол.

Марқұмның әкесі тағы бір сөзінде қылмыс орын алған дүкендегі бейнежазбаны әлдебіреулердің өшіріп тастағанын айтады.

"Біздің дүкенде тұрған видеоны алады да, өшіріп тастаған. Видео жоқ дейді. Ойлаңдаршы, осы әділдік пе? Ол видеода магазинге кірген қылмыскерлер бар. Соны өшіріп тастаған. Мен сіздерге видеоны көріп, қылмыскерлердің әрқайсысын көрсете алам деймін. Енді кімге сенейін. Айтыңыздаршы. Қосыңдаршы десем, видеоны өшіріп отыр. Не үшін шықпаймын? Балам үшін шығып отырмын. Мен өлсем өліп кетейін, басқа жасөспірімдер мерт болмасын", – дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу