Дүкендегі бағалар өткен аптаның басындағы деңгейіне қайтарылады – Бақыт Сұлтанов

783

Кәсіпкерлерге апта аяғына дейін мүмкіндік берілмек.

Дүкендегі бағалар өткен аптаның басындағы деңгейіне қайтарылады – Бақыт Сұлтанов Фото: primeminister.kz

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов кәсіпкерлерді дүкендегі бағаларды өткен аптаның басындағы деңгейіне қайтаруға шақырды.

"Әкімдіктер бәсекелестікті қорғау және дамыту органдарымен бірге баға келісіміне жол бермеу үшін бағалардың өзгеруіне ұдайы мониторинг жүргізеді. Осы аптаның ішінде дүкендердегі барлық баға өткен аптаның басындағы деңгейіне қайтуы керек. Егер бұлай болмаса, біз азық-түлік және азық-түлік емес тауарларға шекті бағалар бекітуге мәжбүр боламыз. Мұндай жағдайда шекті бағадан асырғандар ең қатаң шаралармен жазаланады. Бүгін біз бағаларды бекітудің принциптері мен тәртібін талқыладық. Елдегі төтенше жағдай кезеңін пайдаланып табысқа кенелгісі келгендердің орынсыз әрекетіне жол бермейміз", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу