"Дүкенді қасақана өртеп, қашып кеткен": Алматыда ер адамның ессіз іс-әрекеті видеоға түсіп қалды

​Оқиға Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылында тіркеліп отыр.

"Дүкенді қасақана өртеп, қашып кеткен": Алматыда ер адамның ессіз іс-әрекеті видеоға түсіп қалды Фото: бейнежазбадан

Бейнежазбадан ер адамның күндізгі уақытта дүкенге от қойып, оқиға орнынан бой тасалағанын байқау қиын емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Видео egovpress телеграм арнасында жарияланды. Ер адамның көлікпен дүкенге жақындай келіп, ғимаратты өртегені таспаланып қалған. Кадрлардан көліктен әйелдің де шыққаны анық көрінеді. Күдіктілердің көлігінен мемлекеттік нөмірлер алдын ала шешіп алынған. Өрт қойғаннан соң олар оқиға орнынан қаша жөнелген.

Алматы облыстық полиция департаменті бөтеннің мүлкін өртеу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

– Күдікті анықталып, ұсталды. Ол 42 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Сондай-ақ, ер адамның көлікті мас күйінде басқарғаны белгілі болды. Осы дерек бойынша сот шешімімен оған 15 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды. Қазір тергеу жалғасып жатыр, – делінген хабарламада.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сай, тергеу барысына қатысты өзге ақпарат жария етілмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу