Дүкеннен алкогольді ішімдік ұрлаған күдікті ұсталды

513

Ақтау тұрғыны дүкеннен екі ай бойы алкогольді ішімдік ұрлап келген.

Дүкеннен алкогольді ішімдік ұрлаған күдікті ұсталды

Ақтау қаласының тұрғыны супермаркет желілерінің бірінен алкогольді ішімдіктердің ұрланғаны бойынша полицияға арызбен жүгінген, деп хабарлайды inbusiness.kz polisia.kz телеграм каналына сілтеме жасап.

Арызданушының айтуынша, тамыз-қыркүйек айлары қатарынан дүкеннен қымбат спирттік ішімдіктер ұрланған. Жәбірленушіге келген шығынның жалпы сомасы 200 мың теңгеден асады. 

Криминалдық полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басы анықтап, ұстады. Ұры 36 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі таңда аталған іске қатысты "ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу