Алматының өрт сөндірушілері құтқару қалпақтары арқылы 4 баланы аман алып шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, таңертең Наурызбай ауданында С.Жүнісов көшесінде орналасқан көппәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен сөрелері өртенді.
"ТЖМ күштерімен баспалдақ маршымен үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланып, құтқару қалпақтары арқылы 4 бала құтқарылды. 60-қа жуық тұрғын өздері көшеге шықты. Кәсіби өрт сөндірушілер өртті дамушы кезеңде сөндірді. Зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу