Дулат Ағаділ өліміне қатысты сот-медициналық сараптамасының нәтижесі бір айда белгілі болады

1642

Алдын ала болжам бойынша ол жүрек қан тамыралары жетіспеушілігінен көз жұмған.

Дулат Ағаділ өліміне қатысты сот-медициналық сараптамасының нәтижесі бір айда белгілі болады

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділовтің айтуынша, қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің ісіне қатысты сот-медициналық сараптамасының нәтижесі бір ай ішінде белгілі болады.

"Алдын ала болжам бойынша өлімнің себебі – жүрек қан тамырларының жетіспеушілігі. Бірақ құқықтық-нормативтік құжаттар бойынша сот-медициналық сараптамасының толық қорытындысын алу үшін кем дегенде 25-30 тәулік өтуге тиіс", – деді Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы.

Бұдан бөлек Санжар Әділов Дулат Ағаділ тергеу изоляторына жауап алуға бірнеше рет келмегендіктен қамалғандығын жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу