Дулат Өскенбаев: Шетелде халыққа қоқыс тапсырғаны үшін ақша төленеді

1070

Дулат Өскенбаев:  Шетелде халыққа қоқыс тапсырғаны үшін ақша төленеді

Астанадағы экологиялық полигонда  2 миллион тонна қоқысты көмуге жететін екінші ұяшық салынып жатыр, деп хабарлайды Елорда инфо.

Полигон қос қапталға бөлінген. Оның бір жағына тұрмыстық қалдықтар көмілсе, екінші жағына құрылыс қалдықтары көміледі.

"Тұрмыстық қалдықтар аумағындағы бірінші ұяшық толып қалды. 2006 жылы салынған ол 3 миллион тоннаға арналған еді. Сол себептен жанында 2 миллион тонна қоқысты көмуге жететін екінші ұяшық салынып жатыр. Жылына 300 мың тоннадай көметін болсақ, бұл ұяшық жеті жылда толады. Бұл аумаққа, негізінен, 1974 жылы қоқыс полигоны салынған. Бірақ қалдықтарды көметін технология сақталмады. Біз тиісті талаптарды сақтап отырмыз. Негізінен, шетелде халыққа қоқысты әкеліп, тапсырғаны үшін ақша төленеді. Ал бізде керісінше, халықтан алынады. Бұл мәселені де реттеуге тиістіміз",-  дейді "Астана Эко-Полигон НС" ЖШС  директоры Дулат Өскенбаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу