Дулатбек Құсбеков: Тағы үш салмақта Олимпиада жолдамасын алуға тырысамыз

828

Каратэден Қазақстан командасы аға жаттықтырушы Дулатбек Құсбековтің жетекшілігімен лицензиялық турнирлерге дайындықты жалғастыруда. 

 Дулатбек Құсбеков: Тағы үш салмақта Олимпиада жолдамасын алуға тырысамыз

Спортшыларды алда бірнеше жарыс күтіп тұр, алайда, Олимпиадаға іріктеу турнирлерінің өту мерзімі нақты бекітілген жоқ. Осы орайда, аға жаттықтырушы команданың алдағы жоспарларымен бөлісті, деп жазады Olympic.kz. 

"Каратэден әзірге жалғыз жолдамамыз қоржында. Көшбасшымыз Дархан Асаділов былтыр мерзімінен бұрын лицензия иеленген болатын. Енді қалған салмақтарда Токио төрінде сынға түсу үшін дайындықты үдетіп жатырмыз. Жаңа жыл басталған бойда көптеген халықаралық жарыстар тізбегінде өзгерістер орын алды. Португалия астанасы Лиссабонда ақпан айында өтуі тиіс турнир сәуірге шегерілді. Одан бөлек, қосымша рейтингілік ұпай сыйлайтын екі жарыс бар. Оның бірі Мароккода, екіншісі Түркияда өтеді деп жоспарланған.  Ал ең маңызды бәсеке – әлемдік лицензиялық турнир маусымның алғашқы жартысында Парижде өтеді.  Біздің жолдама алатын мүмкіндігіміз әлі де бар. Дархан Асаділовтің жетістігінен соң, ерлер арасындағы екі салмақта, әйелдер арасындағы бір салмақта лицензияға таласамыз деген мақсат қойдық. Ерлерден 75 және 84 келіге дейінгі салмақта, қыздардан 68 келіден жоғары салмақта жолдама алуға тырысамыз. Бірақ қандай да бір болжам жасауға әлі ерте. Өйткені, коронавирусты инфекцияға байланысты әлемдегі жағдай сәт сайын өзгеріп жатыр. Біз жақсылықтан үміттіміз, лицензиялық турнирлер уақытылы өтіп, көздеген мақсатымызға жетеміз деген сенім бар", - дейді аға жаттықтырушы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу