Дүлей боран шатырларды ұшырып, көлік апатын көбейтті

322

Жолда қалған 28 адам қауіпсіз жерге жеткізілді.

Дүлей боран шатырларды ұшырып, көлік апатын көбейтті Фото: ТЖД

Қостанай облысында дүлей боран көпқабатты екі баспананың шатырын ұшырды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Аулаға түскен темір жабынды мен тіреуіш ағаштар жеңіл көліктерге тиген. Әйтеуір, ешбір жан жарақат алған жоқ. Облыстың бірнеше аудандарында жарық өшті. Жаңа жылға безендірілген Лисаков қаласы мен Сарыкөл ауданының шыршалары құлап қалды. Қала  ішінде түк көрінбейтін ақ түтектен жол көлік қозғалысы қиындады. Бір мезгілде 10 машина соғысып, бір адам аураханаға жеткізілді.  Қостомар ауылынан жүкті әйелді ауруханаға жеткізбекші болған жедел жәрдем көлігі қарға батып  қалған. Оларға төтенше жағдай көлігі көмекке келді.

Жалпы, таңнан бері 13 құтқару жұмысы жүргізіліп, жолда қалған 28 адам қауіпсіз жерге жеткізілді. Дауылды ескертулерге қарамастан, көлік жүргізушілері әлі де жолға шығуда.

"Қажеттлік болмаса тұрғылықты мекен-жайдан шықпауды сұраймыз.  Ауа райы қолайсыздығына орай жолдарда жүру қауіпті. Боран, әрі жол тайғақ. Алматы Екатеринбург көлік жолында небәрі 2 метр жер көрінеді", - дейді Сарыкөл аудандық полиция бөлімі патрульдік тобының инспекторы Валерий Кошелев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу