Құжатты палатаға алдыңғы түнде президент Владимир Путин енгізген.
Дума төрағасы Вячеслав Володиннің мәлімдемесінен "қарсы" дауыс беру тіпті қарастырылмаған, деп жазады inbusiness.kz "Америка дауысына" сілтеме жасап.
Ресейде СНВ-3 деп аталатын стратегиялық шабуыл қаруын шектеу туралы келісімге 2010 жылы Прагада Ресей мен АҚШ президенттері Дмитрий Медведев пен Барак Обама қол қойды. Путин президент ретінде екі жыл бұрын келісімді 2026 жылға дейін ұзарту туралы Заңды қабылдады.
Құжат орналастырылған ядролық оқтұмсықтардың максималды санын, олардың тасымалдаушыларының санын шектейді, елдерге стратегиялық ядролық қаруды өз аумақтарынан тыс орналастыруға тыйым салады, ядролық зымырандарды барлау құралдарынан жасырмауға және бір-бірінің инспекторларына ядролық қару базаларына кіруге мүмкіндік береді.
Путин бір күн бұрын Ресей келісімді сақтауды жоспарламайтынын, бірақ одан шықпайтынын мәлімдеді.
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Путиннің шешімін "жауапсыз әрекет" деп бағалады. Оның айтуынша, АҚШ Ресейдің осы саладағы нақты әрекеттерін бақылайды және кез-келген уақытта қару-жарақты шектеу туралы келіссөздерге оралуға дайын.