Думан Мұхамедкәрім 7 жылға сотталды

642

Бұл туралы адвокат Ғалым Нұрпейісов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Думан Мұхамедкәрім 7 жылға сотталды Фото: Азаттық

"Экстремизмді қаржыландырды" және "тыйым салынған ұйымның жұмысына араласты" деп айыпталған журналист Думан Мұхаммедкәрім кінәлі деп танылды. Ол жеті жылға сотталды.

Сонымен қатар, сот журналиске үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салды.

"Үкімді міндетті түрде апелляцияға береміз. Қазір Думанды Талдықорғанға әкетейін деп жатыр", - деді адвокат.

Сот үкімі БАҚ өкілдерінсіз онлайн оқылды.Тараптар Zoom арқылы қосылды.

Прокурор журналисті жеті жылға бостандығынан айырып, үш жыл қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға тыйым салуды сұраған еді.

"Не дейді?" YouTube-арнасының авторы Думан Мұхаммедкәрім "Экстремизмді қаржыландырды" және "Тыйым салынған ұйым жұмысына араласты" деген күдікпен былтыр маусымда қамауға алынған.

Құқық қорғаушылар "саясиланған іс" деп таныған журналистің жабық соты биыл ақпан айында басталған. Сот кезінде Думан Мұхаммедкәрім "тағылған айыпты жала" деп атап, "конституциялық құқығы бұзылғанын, тергеу амалдарының бірде-біріне қатыспағанын" айтып, сотты "цирк" деп атаған еді. Журналист бұл менің аузымды жабу үшін ойдан құрастырған айып" деген. Ізінше прокурор сотты жабық өткізуді өтініп, судья қанағаттандырған. Журналистің жақтастары, белсенділер соттың жабық өтуіне қарсы болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу