Дүнгендер кері қайту үшін шекарада кезекте тұр

2953

Олар шекарадан жеңілдетілген режимде өтіп жатыр.

Дүнгендер кері қайту үшін шекарада кезекте тұр

Қордайдағы қақтығыстан соң Қырғызстанға өткен дүнгендердің алды қайта оралуда. Көрші елмен шекарадағы "Ауқатты" пунктінде елге қайтып жатқандар кезекте тұр. 

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі Үкіметтік комиссия мүшелерінің "Қарасу" шекара бекетіне барып, ондағы жағдаймен танысқандығын хабарлады. Комиссия мүшелері аталған бекеттегі жұмыстың қалыпты жүріп жатқандығына, азаматтардың өтуіне ешқандай кедергі жоқтығына көз жеткізген. 

"Қарасу" шекара бекетінде адамдар жоқ, ал Қырғызстаннан келген адамдар кезегі "Ауқатты" пунктінде пайда болған. Бұлар – осыған дейін көршілес республикаға кетіп қалып, енді үйлеріне оралып жатқан қазақстандықтар",– дейді баспасөз қызметінен.

Өңір әкімі Масаншыдағы бұзылған барлық үйдің қалпына келтірілетінін және отбасыларға көмек көрсетілетінін айтып отыр. Бүгінде аталған ауданда мамандар жұмыс істеп, шығындарды бағалауда.

"Сонымен қатар облыс әкімі Қырғыз Республикасына кетіп қалғандардың елге қайту керектігін баса айтты. Өйткені ауылдарда құқық қорғау органдарының күшінің арқасында тәртіп пен қауіпсіздік орнатылған", – делінген хабарламада.    

Айта кетерлігі, елге оралып жатқан қазақстандықтар шекарадан жеңілдетілген режимде өтіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу