Дүниеге Дархан, Шерхан, Ерхан есімді үшем келді

1480

Дүниеге Дархан, Шерхан, Ерхан есімді үшем келді

Тараз тұрғыны бірден үш баланың анасы атанды, — деп хабарлайды KazINFO Today ақпарат агенттігі.

Әскери қызметкер Мақсат Иманбеков пен 27 жастағы жары Аида Жебегенованың жанұясында осындай қуанышты жағдай болып отыр.  Жаңа туған үшем олардың отбасындағы бірінші балалары, сонымен қатар, өңірде биыл бірінші рет үшем туған. Балалар мерзімінен бұрын дүние есігін ашқан, (жүктіліктің 30-шы аптасында). Олардың салмағы 1400, 1490 және 1495 грамм.

Облыстық перинаталдық орталықтың дәрігерлері тәуекелге барудан бас тартып, әйелге іштен жарып баланы алу әдісімен босандырған, жалпы барлық шара сәтті жасалған. Жаңа туылған балаларға Дархан, Шерхан және Ерхан деген есімдер берілген. Қазіргі уақытта балалардың жағдайы жақсы, салмақ қосып, анасымен бірге ауруханадан шығуға дайындалып жатыр.

Көпбалалы ананы Тараз қаласының әкімі Рүстем Дәулет арнайы құттықтап, осы жанұяға ізгі тілектерін айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу