Дүниежүзілік банк 2018 жылғы мұнай бағасына болжам жасады

1142

Дүниежүзілік банк 2018 жылғы мұнай бағасына болжам жасады

Дүниежүзілік банк 2018 жылғы мұнай бағасына болжам жасады. Банк сарапшыларының айтуынша, қара алтынның баррелі орташа алғанда 53 доллардың төңірегінде құбылмақ. Олар бірқатар әлемдік факторларды ескере отырып, осындай байламға келген. Атап айқанда, мұнайға сұраныстың артуы, ОПЕК елдерінің өндіріс көлемін қысқартуы және АҚШ–тағы тақтатас мұнайының өсуі секілді жайттарға мән берген. Сондай-ақ, тағы 10 мемлекет шикізат өндірісін қысқартатынын мәлімдеді. Ал нарықта Ирак, Ливия, Нигерия, Венесуэла секілді елдерден мұнай тасымалдау қиындығы болуы мүмкін дейді сарапшылар. Дегенмен, ОПЕК келісімінің созылуы шикізат тапшылығын тудыруы ықтимал.

Айта кетейік, аталған жиын бүгін Вена қаласында өтеді. Онда өндірісті қысқарту жөніндегі келісімді тағы 9 айға ұзарту жоспары талқыланатын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу