Дүниежүзілік банк: 2020 жылы Қазақстанның ЖІӨ-сі 3%-ға төмендейді

829

Бұған дейінгі болжамда экономикалық өсім 2,5%-ды құраған. 

Дүниежүзілік банк: 2020 жылы Қазақстанның ЖІӨ-сі 3%-ға төмендейді

Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан хабарлады. 2020 жылдың маусым айындағы Дүниежүзілік банктің Global Economic Prospects шолуында Қазақстанның ішкі жалпы өнімі жыл соңына дейін 3%-ға төмендейтіні айталған. 

Бұл болжамға сәйкес 2021 жылы экономикалық өсім 2,5%-ды құрайды.

Бұған дейін Дүниежүзілік банк еліміздің ІЖӨ 2020 жылы 3,7%-ға, 2021 жылы 3,9%-ға жоғарылайды деп болжаған болатын. 
Алайда биылғы жылдың қаңтар-мамыр айларында көрсеткіш  1,7%-ға төмендеді. Ел үкіметі жыл соңына дейін ІЖӨ 0,9%-ға азаяды деп болжауда. 

Еске сала кетсек, 2019 жылы Қазақстанның ІЖӨ 4,5%-ға жоғарылаған. 
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу