Дүниежүзілік Банк 2022 жылы жаһандық экономиканың болжамды өсімін өзгертті

899

Әлемдік экономиканың өсуі бойынша болжам төмендеу жағына қарай қайта қаралды. Жыл соңынан бастап мұнай бағасы арзандайды. 

Дүниежүзілік Банк 2022 жылы жаһандық экономиканың болжамды өсімін өзгертті

Дүниежүзілік Банк 2022 жылы жаһандық экономиканың болжамды өсімін 4,1%-дан 2,9%-ға дейін төмендетті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Қазақстанның сауда әріптесі саналатын елдер бойынша өсу болжамы да: Ресей бойынша 2,4%-дан алу 8,9%-ға дейін, ЕО бойынша 4,2%-дан 2,5%-ға дейін, Қытай бойынша 5,1%-дан 4,3%-ға дейін төмендеді. Геосаяси қақтығыс, Қытайдағы карантиннің ықтимал күшеюі, жеткізілім тізбегіндегі іркілістердің салдарынан әлемдік экономикада әлсіз даму тәуекелі сақталып отыр", – деп хабарлады Ұлттық Банк.

2022 жылғы шілденің басында орын алған біраз қысымнан кейін мұнай бағасының өсуі қайта қалпына келді. 

"АҚШ долларының ең жоғары мәндерден біршама әлсіреуі және мұнай қорының шектеулі болуы мұнай бағасын ұстап тұр. EIA бағалауына сәйкес, әлемдік экономиканың өсу перспективаларының нашарлауын ескере отырып, 2022 жылдың 3-тоқсанында Brent бағасы орта есеппен 104 АҚШ долларын, жыл соңына қарай – барреліне 95 АҚШ долларын, 2023 жылы – барреліне 90 доллардан жоғары көрсеткішті құрайды", – деп хабарлады бас банк.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу