Дүниежүзілік банк 2024 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімінің болжамын 4,3%-ға жақсартты

Сонымен қатар, 2025 жылға арналған болжам белгілі болды. 

Дүниежүзілік банк 2024 жылы Қазақстанның ЖІӨ өсімінің болжамын 4,3%-ға жақсартты Фото: inbusiness.kz

Дүниежүзілік банк (ДБ) Қазақстанның ЖІӨ-нің 2024 жылы 4,3%, ал 2025 жылы 4,5% деңгейінде өсуі бойынша болжам жасады. Бұл туралы Дүниежүзілік Банктің қаңтар айындағы есебінде айтылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Дүниежүзілік банктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Осыған дейін айтылғандай, 2023 жылдың маусымында Дүниежүзілік банк елдің экономикалық өсімін 2024 жылы 4%-ға және 2025 жылы 3,6% деңгейінде болжады.

Дүниежүзілік Банктің бағалауы бойынша, өткен 2023 жылы Қазақстанның жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) өсімі 4,5%-ды құрады.

"Орталық Азиядағы экономикалық өсу 2024-2025 жылдары шамамен 4,8% деңгейінде жалпы тұрақты болады деп болжануда. Бұл – субөңірлер арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Қазақстан шикізат бағасының әлі де жоғары болуын, инфляцияның салқындауы жағдайында тұрақты тұтынушылық шығындарды және мұнай өндіру қуатының өсуінен пайда алатын тұрақты экспорттық өсуді қолдайды деп күтілуде", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылдың қорытындысы бойынша елдің жалпы ішкі өнімі 4,9%-ды құрайды деп болжады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу