Дүниежүзілік банк Ауғанстан билігіне $520 млн көлемінде грант бөлдуді мақұлдады, деп хабарлайды РИА Новости.
"Дүниежүзілік банк бүгін Ауғанстанға кедейшілікпен күреске бағытталған шараларды жүзеге асыруға көмек ретінде $500 млн көлемінде қаржы бөлінгендігін жария етті, бұл жоба бес қаланың дамуын тездетеді, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамассыз етеді, ауыл жолдарын салуға көмек болады",-делінген банк хабарламасында.
Бөлінген қаржы ел билігіне босқындармен байланысты мәселелерді шешіп, кедейшілік жағдайында өмір сүріп жатқан тұрғындарға түрлі мүмкіндіктер қалыптастыруға, олар тұрып жатқан аймақтарды электрлендіруге, азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейін көтеруге және ауылдық аймақтарға жол салуға көмектеседі деп күтіледі.