Дүниежүзілік банк Ауғанстандағы жобаларды бұғаттап тастады

1144

Бұған дейін "Талибан" қыздардың мектепке баруына тыйым салған еді.

Дүниежүзілік банк Ауғанстандағы жобаларды бұғаттап тастады Фото: reuters.com

"Талибан" (Қазақстанда тыйым салынған) қыздардың мектепке баруына тыйым салғандықтан, Дүниежүзілік банк Ауғанстандағы жобаларды бұғаттап тастады, деп хабарлайды inbusiness.kz Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, құны 600 миллион доллар болатын төрт жоба уақытша тоқтатылды.  

Дүниежүзілік Банктің атқарушы кеңесі 1 наурызда білім беру, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және отбасы саласындағы қажетті бағдарламаларды қаржыландыру үшін Ауғанстанды қайта құру қорынан (ARTF) 1 миллиардтан астам долларды пайдалану жоспарын мақұлдаған еді. Бұл қаражат Біріккен Ұлттар Ұйымының агенттіктері арқылы бөлінетін болып бекітілді.

Енді Дүниежүзілік банк басшылығы ARTF қаржыландыратын барлық жобалар Ауғанстандағы әйелдер мен қыздар үшін қол жетімді болуы тиіс деп талап етуде.

Бұған дейін "Талибан" қыздардың мектепке баруына тыйым салған еді. Кейінірек АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы өкілі Томас Уэст тәліптер алдағы күндері бұл мәселені қайта қарастыратынын мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу