Дүниежүзілік банк экономикамызға болжам жасады

736

Дүниежүзілік банк сарапшылары Қазақстан экономикасының перспективасы алдағы 2 жылда тұрақты өсім көрсетеді деп есептейді.

Дүниежүзілік банк экономикамызға болжам жасады Фото: atlanticcouncil.org

Қаржы институтының жаңа болжамы бойынша еліміздің жалпы ішкі өнімінің нақты жеделдеуі 4,5-5% дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сарапшылардың пайымынша, мұндай көрсеткішке жұмыс істеп тұрған кен орындарындағы өндірістердің қуатын кеңейту арқылы қол жеткізуге болады. Бұл өз кезегінде экспорттың өсуіне және 2025 және одан кейінгі жылдарда мұнай-химия саласының өркендеуіне жол ашады. Зерттеуге сай, өнеркәсіптік өндіріс пен тау-кен саласындағы инвестиция тұрақты болады деп күтіледі.

Баяндамада елдің банк жүйесі әлемдегі геосаяси жағдайға бейімделіп, өзінің тұрақтылығын сақтап отырғаны айтылған. Қаржы институттары сенімді қаржыландыруды және жеткілікті өтімді активтерді сақтай алды. Несиелеуді субсидиялау бағдарламаларының қысқаруы ақша-несие саясатының одан әрі тиімді бола түсуіне оң ықпал етеді.

Дүниежүзілік банктің болжамы бойынша, негізінен елдің тау-кен өнеркәсібіне шетелдік инвестициялардың ағыны артады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу