Дүниежүзілік банк Иракқа 400 миллион доллар көлемінде қаржы аударады

791

Дүниежүзілік банк Иракқа 400 миллион доллар көлемінде қаржы аударады

Дүниежүзілік банк Иракқа 400 миллион доллар көлемінде қосымша қаржылай көмек бөледі, деп хабарлайды Хабар 24.
Бұл сома "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" әрекетінен жапа шеккен аудандарды қалпына келтіруге жұмсалады.
Атап айтқанда, жол мен денсаулық сақтау мекемелері жөндеуден өтеді. Сонымен қоса қаражаттың бір бөлігі Мосулға бөлінеді. Елдегі екінші ірі қала ұзақ уақыт бойы "Ирак пен Левант лаңкестік тобының" бейресми астанасы саналып келген еді.
Биыл жазда содырлардан азат етілді. Алайда экстремистер мұндағы мәдени мұра нысандарының біразын бүлдіріп кеткен. Енді олар Дүниежүзілік банктің қаржысымен жөнделмекші.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу