Дүниежүзілік банк Қазақстанға 345 млн еуродан астам қаражат бөлді

701

Қарызды өтеу мерзімі – 11,5 жыл. Қосымша 2,5 жылға жеңілдік кезеңі беріледі. 

Дүниежүзілік банк Қазақстанға 345 млн еуродан астам қаражат бөлді

Дүниежүзілік банк Қазақстанға 345 млн еуродан астам қаражат бөлді, деп жазады inbusiness.kz Интерфакс-Қазақстанға сілтеме жасап. 

Бұл жеке сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және пандемиядан кейін ел экономикасын тұрақты қалпына келтіруге бағытталған. 

Қарыз туралы келісімге Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы өңірлік директоры Татьяна Проскурякова мен Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қол қойды.

Бағдарлама бәсекелестікті дамыту, мемлекеттік сатып алулар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес салаларындағы реформаларды қолдайды. Сонымен қатар экономиканы цифрландыруда, қаржы секторын нығайтуда тиімді жағдайлар қалыптастыруға ықпал етпек.

Айта кетейік, Дүниежүзілік банк тобына қосылған 30 жыл ішінде елімізге берілген қаражат көлемі 8,6 млрд АҚШ долларынан асты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу