Дүниежүзілік банк Қазақстанмен әріптестікті кеңейтуге ниетті

1124

Банк 30 жылда отандық экономикаға 8 млрд доллардан аса қаржы құйған.

Дүниежүзілік банк Қазақстанмен әріптестікті кеңейтуге ниетті

Дүниежүзілік банк (ДБ) Қазақстанмен әріптестікті кеңейтіп, елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін көмектесуге дайын. Бұл туралы Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша ДБ вице-президенті Анна Бьерде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

ДБ баспасөз қызметінің мәліметінше, Анна Бьерде кеше Қазақстанға ресми сапармен келген. Ол Премьер-министр Асқар Мамин, Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр, Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев және Сенат төрағасының орынбасары Асқар Шәкіровпен кездескен.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған реформалар аясында Қазақстан экономикалық дамуындағы жаңа тарауды бастады. Дүниежүзілік банк қос тарап арасындағы әріптестікті кеңейтуге және бәсекелес ортада жұмыс істейтін серпінді жеке сектордың басымдығын және есеп беретін ашық мемлекеттік сектордың болуымен жаһандық деңгейде елдің неғұрлым бәсекеге қабілетті нарықтық экономикаға айналуына көмектесуге дайын", – деді Еуропа және Орталық Азия өңірі бойынша Дүниежүзілік банктің вице-президенті.

Баспасөз қызметінің дерегінше, экономиканың экологиялық және әлеуметтік бағдарланған тұрақты өсуі үкімет өкілдерімен талқылаға салынды.

"Бұл мәселеге баса мән берілді. Өйткені Қазақстан 2050 жылға қарай "жасыл" экономикаға көшуге және 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге тырысады", – деп жазылған хабарламада.

Дүниежүзілік банк 30 жылда Қазақстанның қаржы мен әлеуметтік қызметтерден бастап инфрақұрылымға дейінгі түрлі секторды дамытудағы маңызды серіктесі болып саналады. Осы уақыт аралығында қаржыландырудың жалпы сомасы 8 млрд доллардан асқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу