Дүниежүзілік банк кедей елдерді “тығырықтан шығарудың” жолдарын іздейді

652

Әлемнің ең кедей елдерін тығырықтан шығарып, қарыздарын жабу қажет. 

Дүниежүзілік банк кедей елдерді “тығырықтан шығарудың” жолдарын іздейді Фото: 7kun.kz

Дүниежүзілік банктің келесі сессиясы осындай маңызды тақырыпты талқылауға арналмақ. 

Аталған шараға Үндістан, Эфиопия, Ямайканың қаржы министрлері мен Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева қатыспақ. 

Дүниежүзілік банк президенті Дэвид Малпасстың айтуынша, кедей елдер үшін тығырықтан шығудың алғашқы қадамы - берешектерін қайта құрылымдау және инвестицияларды жаңғырту. Халықаралық валюта қоры директорының пікірінше, бүгінде табысы төмен елдердің 15%-ы қарызға белшесінен батып кеткен,  тағы 45%-ы үлкен көлемдегі берешектері үшін біршама қиындықтарға тап болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу