Дүниежүзілік банк коронавируспен күреске 12 млрд доллар бөледі

767

Банк директоры Дэвид Малпасс әзірге қай елдерге қаржылай көмек көрсетілетінін ашып айтпады. 

Дүниежүзілік банк коронавируспен күреске 12 млрд доллар бөледі

Халықаралық қаржы ұйымы экономикалық жағдайы төмен елдерге осылайша коронавирус эпидемиясына төтеп беруге көмегін тигізбек. Нақтырақ айтқанда, бұл қаражат дамушы елдердің денсаулық сақтау жүйесіне бөлініп, эпидемияның экономикаға тигізіп жатқан зардабы шектелмек. Бұл туралы Bloomberg басылымы хабарлады. 

Банк директоры Дэвид Малпасс әзірге қай елдерге қаржылай көмек көрсетілетінін ашып айтпады. 

Ескере кететін жайт, қаржы ұйымының мұндай қадамға баруына әлемдік экономиканы індет әлсіретіп жатыр деген мәліметтер мен қаржы нарығындағы тұрақсыздық сақталуы мүмкін деген болжамдар түрткі болып отыр. Бөлінетін сома көлемі бұдан да көп болуы мүмкін және банк осыған қатысты өз стратегиясын өзгертіп қалуы ықтимал. 

"Мақсатымыз – елге керекті шұғыл және тиімді шараларды іске асыру. Экономикасы әлсіз елдерге эпидемия ауыр соққы болып отыр", – деді Малпасс.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу