Дүниежүзілік банк Қырғызстанға 50 миллион доллар бөледі

288

Қырғыз Республикасындағы ауа сапасын жақсарту жобасы елдің ауа сапасын басқару әлеуетін нығайтуға септігін тигізеді. 

Дүниежүзілік банк Қырғызстанға 50 миллион доллар бөледі Фото: inbusiness.kz

Дүниежүзілік банктің атқарушы директорлар кеңесі Қырғыз Республикасындағы ауа сапасын жақсарту жобасына 50 миллион доллар бөлуді мақұлдады. Бұл туралы inbusiness.kz сайты Дүниежүзілік банктің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жоба ауаның ластануын және адамдардың денсаулығы мен ел экономикасына қатысты жағымсыз әсерлерді азайтуға арналған.

Сонымен қатар, Қырғыз Республикасындағы ауа сапасын жақсарту жобасы елдің ауа сапасын басқару әлеуетін нығайтуға және Бішкектегі PM2.5 қатты бөлшектері мен парниктік газдар шығарындыларын орталауға бағытталған.

"Ауа сапасын басқару — республикалық және қалалық билік органдарынан, мүдделі тараптардан және даму серіктестерінен кешенді көзқарасты талап ететін күрделі міндет. Ауаның ластануын азайту арқылы Қырғыз Республикасы ауа сапасын жақсартып қана қоймай, парниктік газдар шығарындыларын азайтады және "жасыл экономикаға қарай жылжиды", — деп мәлімдеді Дүниежүзілік банктің Қырғыз Республикасындағы кеңсесінің басшысы Навид Хасан Накви.

Қырғыз Республикасында ауа сапасын жақсарту жобасын қаржыландыру Дүниежүзілік Банктің жеңілдікті кредиттеу жөніндегі бөлімшесі — халықаралық даму қауымдастығының (МАР) қаражатынан төлемдерді кейінге қалдырудың 10 жылдық кезеңімен 50 жылға пайызсыз кредит түрінде бөлінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу