Дүниежүзілік банк Нигерге қаражат бөлуін тоқтатты

435

Бұл жеке бағдарламаларды қаржыландыруға қатысты емес.

Дүниежүзілік банк Нигерге қаражат бөлуін тоқтатты Фото: apa.az

Дүниежүзілік банк Нигердегі төңкеріске байланысты жеке сектордағы бағдарламалардан басқа барлық операция бойынша қаражат бөлуді тоқтата тұру туралы шешім қабылдады, деп жазады inbusiness.kz tass.ru порталына сілтеме жасап.

"Дүниежүзілік банк бейбітшілік, тұрақтылық және заңның үстемдігі өмір сүруге болатын әлемнің негізі деп санайды. Біз демократиялық жолмен сайланған Нигер үкіметін құлату әрекеттеріне алаңдаушылылқ білдіреміз. Осыған жауап ретінде Дүниежүзілік банк одан әрі ескертілгенге дейін жеке сектордағы серіктестікті қоспағанда, барлық операция бойынша қаражат бөлуді тоқтатты", - делінген ұйымның ақпаратында.

Ұйым жағдайды бақылап отыратынын мәлімдеді. 

"Бізді Нигер халқының өмір сүру сапасын жақсартуға және оның мүмкіндіктерін кеңейтуге деген ұмтылыс басқарады", - деп хабарлады қаржы институты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу