Дүниежүзілік банк Өзбекстанға 800 миллион доллар көлемінде несие береді

900

Қаражат энергетика, теміржол секторы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы реформаларға жұмсалады.  

Дүниежүзілік банк Өзбекстанға 800 миллион доллар көлемінде несие береді Фото: Reuters

Дүниежүзілік банк Өзбекстанға нарықтық экономикаға көшуді жеделдету және стратегиялық салалардағы реформаларды жүзеге асыру үшін жеңілдікті шарт бойынша 800 миллион доллар бөлуді мақұлдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қаражат энергетика, теміржол секторы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы реформаларға жұмсалады.

Дүниежүзілік банк мәліметі бойынша, Өзбекстанда нарықтық экономикаға көшу бойынша қол жеткізілген прогреске қарамастан, бұл процесті тезірек аяқтау және қазіргі экономикалық модельді экологиялық тұрғыда таза және әділетті модельге айналдыру қажеттілігі бар. Бұл шаралар әлеуметтік-экономикалық даму мен қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірқатар мақсатқа қол жеткізуге көмектеспек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу