Дүниежүзілік банк пен Халықаралық валюта қоры Украинаға көмек ретінде 5,2 миллиард доллар бөледі, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Бірлескен мәлімдемеде екі ұйымның басшылары Ресейдің Украинаға жасап жатқан "шабуылының" салдарынан елге келетін шығынға алаңдаушылық білдіретінін айтты. Олар шикізат бағасы өсіп, қаржы нарығында тұрақсыздық орнайтынын жеткізді. Бұның арты әлемдік инфляцияға себеп болуы мүмкін екенін жариялады.
Дүниежүзілік банк бірнеше ай ішінде Украинаға 3 миллиард доллар бөледі, оның 350 миллионы келесі аптада Киевке аударылады.
ХВҚ 2,2 млрд доллар көлеміндегі қаражатты маусымға қарай береді.
Табиғат Нұрболат
Фото: azernews.az
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу