Дүниежүзілік банк тобының президенті болып Дэвид Малпасс тағайындалды

1158

Дүниежүзілік банк тобының президенті болып Дэвид Малпасс тағайындалды

ДБ атқарушы директорлары оны  2019 жылғы 9 сәуірде басталатын бес жылдық мерзімге сайлау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

ДБ президенті – Халықаралық Қайта Құру және даму банкінің (ХҚДБ) және халықаралық даму қауымдастығының (ХДҚ), Директорлар кеңесінің төрағасы. Сондай-ақ ол халықаралық қаржы корпорациясының (IFC) Директорлар кеңесінің, инвестициялық кепілдіктер жөніндегі көпжақты агенттіктің (MIGA), Директорлар кеңесінің және инвестициялық дауларды реттеу жөніндегі халықаралық орталықтың (ICSID) Әкімшілік кеңесінің төрағасы болып табылады.

Республикалық партияның 62 жасар өкілі Дэвид Малпасс 2016 жылы Дональд Трамптың сайлауалды науқаны кезінде оның аға экономикалық кеңесшісі болып қызмет атқарды. Ол Колорадо колледжінде бакалавр дәрежесін және Денвер университетінде іскерлік әкімшілік магистр дәрежесін алған. Сондай-ақ Джорджтаун университетінің дипломатиялық қызмет мектебінің аспирантурасында халықаралық экономиканы зерттеген.

2017 жылғы қыркүйектен бастап ол АҚШ Қаржы министрінің Халықаралық істер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Сонымен қатар, G7 және G20 Қаржы министрінің орынбасарлары мәжілістерінде, ДБ және халықаралық валюта қорының кеңестерінде, сондай-ақ қаржылық тұрақтылық жөніндегі Кеңестің іс-шараларында, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы мен жеке шетелдік инвестициялар корпорациясының іс-шараларында ел атынан өкіл болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу