Дүниежүзілік банк Түркияға 35 миллиард доллар бөлмек

459

Бұл туралы Дүниежүзілік банктің Түркия бойынша директоры Лопес хабарлады. 

Дүниежүзілік банк Түркияға 35 миллиард доллар бөлмек

Дүниежүзілік банктің Түркия бойынша басшысы Умберто Лопес Түрік экономикасын тұрақтандыру жолында жүзеге асырылатын жобаларды қолдауға дайын екендерін жеткізді.

Лопестің айтуынша, дүниежүзілік банк қазірдің өзінде жүзеге асырылып жатқан Түркияның 17 миллиард долларды құрайтын жобаларынан бөлек, алдағы үш жылда жүзеге асырылатын бағдарламалар үшін 18 миллиард доллар бөлуді жоспарлап отыр. 

Қарастырылып отырған қаржыландыруға үкіметке тікелей несиелер, сондай-ақ жеке секторды қолдау кірмек.

"Соңғы 20 жылда Түркияның экономикалық көрсеткіштері жоғары болды, бұл халықтың өмір сүру деңгейін айтарлықтай жақсартуға әкелді. Алайда, инфляцияның жоғары қарқыны, айырбас бағамының шамадан тыс артуы және 6-ақпандағы жер сілкінісінен соң пайда болған салықтық қысымдар бұл рекордты тәуекелге ұшыратты. Осы тұрғыда Орталық банк жүргізіп отырған ақша-несие саясатын қатайту, қаржылық реттеулерді жеңілдету, қазынашылық және қаржы министрлігінің бюджет тапшылығын азайтуға арналған шаралары дұрыс бағыттағы қадамдар деп санаймыз, - деді Лопес".

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу