Дүниежүзілік банк Украинаға 4,5 миллиард доллар бөлді

565

Тамыз айында 3 миллиард доллары беріледі.

Дүниежүзілік банк Украинаға 4,5 миллиард доллар бөлді

Дүниежүзілік банк Украинаға 4,5 миллиард доллар бөлді. АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) Украина үкіметіне Дүниежүзілік банк механизмі арқылы қосымша 4,5 миллиард доллар бөлінгенін жариялады.

АҚШ-тың қаржы министрлігімен келісілген бұл көмек Киевке транш түрінде беріледі.

Тамыз айында Украина 3 миллиард доллар алады.

Бұл қаражат Украина халқына, мүгедектерге және ел ішінде қоныс аударған миллиондаған адамға әлеуметтік және қаржылық көмек көрсетуге бағытталады.

Маусым айында Дүниежүзілік банк Украинаға 1,49 миллиард доллар көлемінде қосымша қаржы бөлген болатын.

Бүгінгі таңда банк мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз ету, соғыстың гуманитарлық және экономикалық салдарын еңсеру үшін 13 миллиард долларға жуық қаражат жинады.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу