Дүниежүзілік банкпен бірлесіп 21,7 миллион долларды құрайтын жоба іске асырылып жатыр

988

Дүниежүзілік банкпен бірлесіп 21,7 миллион долларды құрайтын жоба іске асырылып жатыр

Жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығы 2008 жылғы деңгейге қарағанда 18 пайыз төмендеді. Бұл туралы үкімет отырысында энергия тиімділік пен энергияны үнемдеу мәселелері бойынша баяндаған ИДМ басшысы Жеңіс Қасымбек айтты, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Оның айтуынша, Қазақстанның 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспарында және "жасыл экономикаға" көшу жөніндегі тұжырымдамасында еліміздің жалпы ішкі өнімнің энергия сыйымдылығын 2020 жылға қарай кем дегенде 25%-ға және 2050 жылға қарай кем дегенде 2 есеге төмендету міндеттері айқындалған. Сондай-ақ, "Бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған "100 нақты қадам" Ұлт жоспарының 59-қадамында "Танымал халықаралық энергия сервистік шарттардың тетігі арқылы энергия үнемдеу саласына стратегиялық инвесторларды тарту" міндеті бекітілді. Бұл үшін энергия тиімділігі картасы құрылды. Онда энергия сервистік келісім-шарттардың тетігі арқылы іске асыруға дайын энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобалардың бірыңғай республикалық тізімі жасалды.

"Қазіргі уақытта, Картаның 15 млрд теңге болатын 68 жобасы іске асырылуда. Олардың ішінде 12 жоба энергия сервистік шарттар мен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігі арқылы қолға алынды. Жыл сайынғы үнемдеу 3,5 млрд теңгені құрайды, соның ішінде 12 жоба бойынша 660 млн теңге үнемделеді. Картаның 72 млрд теңге болатын 76 жобасы әзірлену үстінде, қазіргі уақытта оларға инвесторлар іздестіріліп жатыр", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек. 

Энергия сервистік жобаларды іске асыруды қолдау үшін БҰҰ-ның даму бағдарламасымен және Даму қорымен бірлесіп, жобаларға субсидиялау және кепілдендіру түрінде қаржылық қолдау көрсетуді бастадық (жалпы соммасы 3 млн АҚШ доллары). Бүгінгі таңда 28 жоба осы қолдауға ие болды.

"Халықаралық ынтымақтастық аясында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, 21,7 млн АҚШ долларын құрайтын жоба іске асырылып жатыр ("Қазақстанда энергия тиімділігін арттыру" - грант қаражаты). Жоба аясында 85 мемлекеттік және әлеуметтік маңызы бар нысан (мектептер, ауруханалар, балабақшалар) іріктеліп алынды, онда жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның нәтижесінде 50 мыңнан астам адамның жұмыс және оқыту жағдайлары жақсартылады. Ал мемлекет жыл сайын отын-энергетикалық ресурстар мен бюджетті үнемдейтін болады (500 мың АҚШ доллары)", - деп хабарлады министр.

Оның айтуыншаБҰҰ-ның Даму бағдарламасымен жалпы сомасы 10 млн АҚШ долларын құрайтын 2 жоба іске асырылуда.

Бұдан бөлек, министрлік жыл сайын энергия үнемдеу саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметіне мынадай өлшемдер бойынша бағалау жүргізеді: индикаторлар мен міндеттерді орындау, мемлекеттік мекемелердің мониторингі, бюджеттік ұйымдарда энергия аудитін жүргізу, приборлау, тиімді жарықтандыру көздеріне көшу және тағы басқалары.

2016 жылы Дүниежүзілік банк әлемнің 111 елінің энергия тиімділігі саласындағы мемлекеттік реттеу бағалауын жүргізді. Қазақстан ол рейтингте 32-орынды иеленді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу