Дүниежүзілік банктің өкілдері Ұлытау облысына барды

495

Дүниежүзілік банк өкілдері Ұлытау облысына жұмыс сапарымен келді.  

Дүниежүзілік банктің өкілдері Ұлытау облысына барды Фото: gov.kz

Меймандар облыс әкімдігінің бөлім басшыларына агломерациялық орталықтардың экономикалық даму жобасын таныстырды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Кездесу барысында тараптар Ұлытау облысы мен Дүниежүзілік банк арасындағы өзара тиімді және ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ ынтымақтастықтың басым бағыттарында инвестициялық жобаларды іске асыру барысын талқылады.

Атап айтқанда, көлік инфрақұрылымын жақсарту, туризмді, агроөнеркәсіптік кешенді, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту жөніндегі жобаларды іске асыру тетіктерін сөз етті.

Сонымен қатар, жиналғандар экономиканы әртараптандыру, индустриялық-инновациялық даму, экологияны жақсарту мәселелері бойынша пікір алмасты. Дүниежүзілік банктің басым жобаларды инвестициялауға белсенді қатысуы Ұлытау облысының серпінді экономикалық дамуының драйверлерінің бірі болуы мүмкін екендігі атап өтілді.

Кездесу соңында тараптар жоғарыда аталған мәселелер бойынша ынтымақтастықты нығайтуға келісті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу