23 мамырда Женевада өткен жыл сайынғы ассамблеяда ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус жаңа пандемия қаупін жоққа шығаруға болмайтынын айтты.
"Ауру мен өлімнің жаңа ошақтарына әкелуі мүмкін басқа нұсқаның [COVID] пайда болу қаупі сақталуда. Сондай-ақ одан да өлім қаупі бар жаңа патогеннің пайда болу қаупі бар", - деді ұйымның бас директоры.
Тедрос Гебрейесус сонымен қатар бүкіл әлемді болашақта қауіпке ұжымдық қарсы тұруға дайын болуға шақырды.
5 мамырда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы COVID-19 вирусының таралуынан туындаған жаһандық денсаулық сақтау төтенше жағдайының аяқталғанын хабарлады. Оның айтуынша, әлемде кем дегенде 20 миллион адам коронавирустың кесірінен қайтыс болды.