Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавируспен күресте Қазақстанды үлгі етті

784

ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы елімізде коронавирусқа қарсы атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавируспен күресте Қазақстанды үлгі етті

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге Қазақстанның коронавируске қарсы күрес шараларына жоғары баға берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазақстан – COVID19-ға қатысты ахуалды тұрақтандыру бойынша белсенді күш-жігердің тамаша үлгісі", - деп жазды Клюге Twitter-де.

ДДҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы елімізде коронавирусқа қарсы келесі шаралар атқарылып жатқанын атап өтті:

- күшейтілген бақылау;

- тестілеудің кең ауқымы, соның ішінде медицина қызметкерлерін;

- мәліметтерді цифрлық түрде жинақтау;

- профилактикалық шаралардың уақытылы жүргізілуі және науқастармен байланыста болғандарды қатаң бақылау;

- науқастарды емдеудің дұрыс тактикасы;

- зерттеудің жүргізілуі.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу