Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Алматыға бейресми ұшып келді

657

ДДҰ басшысы Тедрос Гебрейесус Алматыға бейресми сапармен келді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының басшысы Алматыға бейресми ұшып келді

Ол Қазақстан денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиниятпен бірге қала әкімі Ерболат Досаевпен кездесіп, кейін С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде болды.

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ баспасөз қызметінің мәліметінше, ДДҰ бас директоры университеттің құрметті қонақтарының кітабына естелік жазба қалдырды. Академик Шарманов атындағы Даңқ залында Тедрос Гебрейесус қазақстандық ғылым және медицина корифейлері – ҚазҰМУ профессорларымен кездесіп, әлемдегі эпидемиологиялық жағдайдың дамуына қатысты толғандыратын сұрақтарға жауап берді.

Айта кету керек, Гебрейесус мырза ақын Жүрсін Ерманның құдасы. Ақыннның жиен немересі Гебрейесустың ұлына тұрмысқа шыққан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу