Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бөлімшелері жабылады

171

Ұйымда басқарушы лауазымдағы қызметкерлерінің саны 2 есе азаяды.  

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бөлімшелері жабылады Фото: AP News

Сонымен қатар департаменттердің жартысы жабылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты Рейтерс агенттігіне сілтеме жасап.

Ұйымды қаржыландыру көлемі азайған. Бұл туралы ұйымның бас директоры Женевада басталған Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының сессиясында жариялады. 

Тедрос Адханом Гебрейесус осы аптада бюджеттің кеміген нұсқасын қайта қарастыратындарын айтты. Оның құны – 4 миллиард доллар. Бұл әуелде жоспарланған бюджеттен 21% аз. АҚШ Президенті Дональд Трамп қаңтарда өз қызметіне кірісе салысымен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу туралы жарлыққа қол қойды. Өйткені, ол мүше елдер арасында жарна төлеу бойынша әділетсіз жүйе қалыптасқанын айтқан болатын. 

"Әрине, ауыз толтырып айтатындай жетістігіміз аз емес. Бірақ кейінгі кездері біраз қиындыққа тап болғанымызды да айту керек. Қаржының қысқаруынан кемі 70 елдегі науқастар қажетті емін қабылдай алмай отыр. Медициналық мекемелер жабылып, әріптестеріміз жұмыссыз қалуда. Науқастарға да ауыртпалық түсіп отыр. Себебі, олардың дәрігерге қаралу шығындары артқан", – деп мәлімдеді ДДСҰ бас директоры Тедрос Адханом Гебрейесус.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу