Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Алматыдағы зертхана жұмысын тоқтатты

1108

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік Алматыдағы зертхана жұмысын тоқтатты

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (ДДҚА) Алматы (Қазақстан) және Блумфонтейн (ОАР) қалаларындағы зертханаларды аккредитацияларынан айырды, деп хабарлайды sports.kz.

Оған зерттеу орталықтарының халықаралық стандарттарға және техникалық құжаттарға сәйкес келмеуі себеп болды, деп жазылған ДДҚА-ның ресми сайтында. Зертханалар жұмысын тоқтату туралы ДДҚА шешімі  29 маусымда шығарылған және ол 30 күн өткеннен кейін күшіне енеді.

Осы кезең ішінде ұйым ДДҚА талдауларын жүргізуге құқығы жоқ. ДДҚА-ның шешіміне қарсы болған орталықтар Спорттық арбитражды сотына (CAS) 21 күн ішінде шағымдана алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу