Дүниежүзілік экономикалық форум: Алдағы 5 жыл әлем үшін ауыр болады

1501

Алдағы 3-5 жыл әлем халқы үшін ауыр болады. Оған өткен жылы болған қиындықтар себеп. Дүниежүзілік экономикалық форум ұйымы осындай болжамын жариялады, деп хабарлайды Atameken Business.

Дүниежүзілік экономикалық форум: Алдағы 5 жыл әлем үшін ауыр болады

Швейцариялық үкіметтік емес ұйымының сауалнамасына мыңға жуық респондент қатысқан. Ол жәй адамдар емес. Әр елдегі үкімет мүшелері, азаматтық қоғамның өкілдері және әр саланың сарапшылары. Олардың жауаптарына негізделіп жасалған қорытынды мынадай.

Бірінші – жұқпалы аурулардың қауіптілігі. Қазірдің өзінде әлем бойынша коронавирустан 2 млн-нан астам адам көз жұмды.

Екінші – онжылдықтың басты жаһандық тәуекелдері – экологиялық проблемалар. Респонденттердің 52% – ы климаттың өзгеруіне алаңдайды-олардың пікірінше, бұл бірінші кезектегі қауіптердің бірі.

Үшінші қауіп-қатер – экономикалық соққы. Дүниежүзілік экономикалық форум сауалнамасына қатысқандардың 55 пайызы пандемияның салдары алдағы 3-5 жылда қатты байқалатынын айтқан. Яғни, адамдарда өмір сүруге ақша жетпей, әлеуметтік жағдай қиындайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу