Бұл туралы Facebook-тегі "Радужная Америка" тобында хабарланды. Мұндай шараны әр 4 жыл сайын ұйымдастыру дәстүрге айналған.
Биылғы парадты бірқатар арна тікелей эфирде көрсетіп, шеруді 4 миллионнан астам адам тамашалаған. ТМД елдері өкілдерінің орыс тілді колоннасы Қазақстан туын жеке бөліп көрсеткен.
АҚШ-та әлемдік деңгейдегі гей-парад алғаш рет өтіп отыр. Шара гейлердің өз құқықтары үшін күресуінің 50 жылдық мерейтойына орайластырылған.
Олардың алғашқы шеруі 1969 жылы Нью-Йорктегі "Стоунволл" барында өткен екен. Содан бері мұндай акциялар әлемнің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылып келеді.
Табиғат Нұрболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу