Дүниежүзілік конгреске Нобель сыйлығының екі иегері қатысады

718

Дүниежүзілік конгреске Нобель сыйлығының екі иегері қатысады

Отандық  ғалымдар Астанада "ЭКСПО-2017" аясында өтетін "Болашақтың энергиясы" дүниежүзілік конгресіне дайындалып жатыр.

Аталмыш жиынға әлемнің 50 елінен 200-ден астам ғалым қатысады. Қазіргі таңда екі Нобель сыйлығының, үш "Ғаламдық энергия" халықаралық сыйлығының иегері, бірқатар мемлекеттің энергетика министрі, ірі компаниялар мен инженерлік бірлестіктердің жетекшілері қатысатынын растаған.

Жер шарының беделді энергетиктері екі күні бойы төрт негізгі тақырыпты талқылайды. Атап айтсақ, әлемдік энергетиканың 2050 жылға дейінгі болашағы мен даму сценарийі, энергетикалық қауіпсіздік, жаһандық энергоресурстар үдерісі мен ғылыми мамандармен қамтамасыз етілуі.

"Барлық конгрестердің көбінде ғалымдар негізгі түбегейлі ізденістерін, фундаментальді зерттеулерін қарастыратын болса, бұл алаңда тек қана ғалымдар емес, инженерлер де өздерінің қолымен жасаған қондырғыларын көрсете алады", - деді " WSEC-2017" дүниежүзілік конгресінің бас үйлестірушісі Гүлбазар Медиева. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу