Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада арнайы автобустар қатынайтын болады

214

Елордада 8-13 қыркүйек аралығында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді.  

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Астанада арнайы автобустар қатынайтын болады Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қала бойынша азаматтарға ыңғайлы болу үшін арнайы автобустар іске қосылады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 
Жарыс кезінде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін сағат 08.00-ден 20.00-ге дейін бірнеше орыннан жүретін арнайы автобустар іске қосылады:

1. "Астана Арена" тұрақ аймағы
2. "Бас мешіт" тұрақ аймағы
3. "ЕХРО" тұрақ аймағы

Елорда тұрғындары мен қонақтарын Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізу орындарына қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында 15 қыркүйекті қоса алғанда №18, 37, 303, 323 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді.

Елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы қажет.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу