Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде қазақ ауылы құрылады

247

 7 спорт кешенінде дайындық жүріп жатыр. 

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде қазақ ауылы құрылады Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

Биыл күзде Астанада V дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Айтулы шараға 89 мемлекет қатысатынын растады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Бұл туралы Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев мәлім етті.

"Көшпенділер ойындарына дайындық жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Ойындар 21 спорт түрінен өтеді, оның ішінде ұлттық ойындар да бар. Ол үшін 7 спорт кешенінде дайындық жүріп жатыр. Сол сияқты "Қазанат" ипподромы маңында қазақ ауылын құратын боламыз, яғни киіз үйлер тігіледі",- деді Серік Жарасбаев БАҚ өкілдеріне сұхбат бере тұрып.

Сондай-ақ, дүниежүзілік көшпенділер ойындары кезінде ұлттық ғылыми конференция өткізу жоспарланып отыр.

"Қазіргі күні 89 ел көшпенділер ойындарына қатысатындығын растады және оны 100 мемлекетке дейін жеткіземіз деген сенімдеміз. Делегация, спортшыларды қосқанда 2500-ден аса қонақ келеді деп күтіп отырмыз. Шетелдік меймандарды күтіп алып, орналастыру үшін елорда әкімдігімен бірлесіп 32 қонақ үйді дайындап жатырмыз", - дейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу