Қанағат Сүйбаев көкпаршыларымыздың алаңға шықпай қалуын түсіндірді

1053

 Ұйымдастырушылары Қазақстан құрамасына ат ұсынбаған.

Қанағат Сүйбаев көкпаршыларымыздың алаңға шықпай қалуын түсіндірді Фото: sputniknews.kz

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұйымдастырушылары Қазақстан құрамасына ат ұсынбағандықтан, спортшылар ойынға шыққан жоқ, деп хабарлайды sputniknews.kz.

Қазақстан құрамасы 2 қыркүйекте РФ Краснояр өлкесінің командасына қарсы шығуы керек еді. Неге екені белгісіз ойын болмай қалды, ал отандастарымыз алаңға да шықпаған.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Қанағат Сүйбаев оқиғаның себептерін түсіндірді. Оның айтуынша, команда жарысқа қатысу үшін өз тұлпарларын әкелмеген.

"Ұйымдастырушылармен алдын ала келісіп, олар бізге аттар береді деп шешкенбіз, бірақ ақыры қолымызға тимеді. Бәлкім, жарамды жылқы табылмаған шығар… Білмеймін. Бүгін Қырғызстанның кок-бор федерациясы басшысы бұл мәселені шешуге уәде берді. Біз финалға шығуды көздеп отырмыз, ал нашар аттармен бірінші турдың өзінде жеңіліп қалар едік", - дейді бапкер.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу