Ашылу салтанатына арналған билеттердің бәрі сатылды. Бұл туралы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі Дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
8 қыркүйек күні "Астана Арена" стадионында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Ойындардың жабылу салтанаты 13 қыркүйек күні Этноауылда болады деп күтіліп отыр. Жабылу салтанатында Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын келесі қабылдайтын ел белгілі болады.
"V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ересектерге арналған билеттерінің құны 1000 теңгеден 15 000 теңгеге дейін құрайды. Ашылу салтанатына арналған билеттің барлығы осыдан бірер күн бұрын сатылған болатын. Ойындардың, спорттық алаңдарға кіру үшін билеттердің орташа бағасы – 3600 теңге. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, оқушыларға жеңілдіктер мен арзандатылған баға қарастырылған", - деді спикер.