Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Димаштың шоу-концертімен тәмамдалады

504

Бұл туралы әншінің анасы Светлана Айтбаева әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Димаштың шоу-концертімен тәмамдалады Фото: dimashnews.com

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Димаш Құдайбергеннің шоу-концертімен қорытындыланады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына" дайындық басталып кетті. Бұйырса, әсем қаламызды көруге келетін қонақтарды құшақ жая қарсы аламыз. Көшпенділер мерекесін Димаштың шоу-концертімен қорытындылаймыз деп жоспарлап жатырмыз. Алда - керемет кездесулер, тамаша таныстықтар және қызу дайындықтар....". "Келеді барлық әлем Астанаға, қонады Астанаға барша құстар! " деген әнімізбен баршаңызды күтеміз!", - деп жазды Светлана Айтбаева Instagram-дағы парақшасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу